Белгілі қаламгер Ғалымжан Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты екі томдық туындысы жарық көрді. Тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері мен оқырмандар қатысып, жаңа еңбектің маңызына тоқталды. Қос томдықта қоғамдағы өзекті мәселелер қамтылған.
Туынды отбасы жарасымы мен құндылықтарының қоғамдағы орнын тереңінен қаузайды. Ата-ана мен бала қарым-қатынасы, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік көркем тілмен өрнектелген. Төрт тараудан тұратын шығармада автор елде орын алып жатқан келеңсіз жайттарды саралап, оқырманды ойға жетелейді.
ҒАЛЫМЖАН КЕРІМБЕК, КІТАП АВТОРЫ
Қазір ажырасу көбейді.Мұндай келеңсіз жайттар ата-бабамызда да орын алмаған. Ал бұл кітап сол мәселенің алдын алады. Жалпы, төрт тараудан тұратын туындыда ата-ана мен бала қарым-қатынасы, отбасы жарасымы, елге үлгі болып жүрген жанұялардың өмірі жайлы ақпарат берілген.
Тұрмыстық тауқыметтен туындайтын түсініспеушілік, ажырасу деректерінің артуы – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Автор бұл түйткілдерді талдап, салдарын көрсетеді.
МЫҢЖАН ӘНУАРБЕКҰЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Ұлтымыздың болмысы мен бейнесін сақтап қалу үшін бұл туындыны оқу керек.Қазір отбасы құндылығына тереңінен бойламайтындар көбейді.Автордың жаңа еңбегі арқылы біз ойымызда жүрген сан түрлі сауалдарға жауап табамыз.
Кітаптың мазмұндық салмағы терең. Жиынға қатысушылар жаңа еңбекке жоғары баға беріп, онда отбасы мәселелері өмір шындығымен сабақтаса суреттелгенін айтты.
АСАН ТҰРАБАЕВ, ЖАЗУШЫ
Қазақ халқы ата-ана мектебіне айрықша мән береді.Қызға қырық үйден тыйым, қала берді күннен тыю қажет деп есептейді.Ер балаға қатысты да тәлім жүйесі жетерлік.Мәселені көтеріп, кітап жазу қиын.Оқырманына жетеді деп ойлаймын.
Тағылымы мол еңбек екі том болып жарық көрді. Автор алдағы уақытта да шығармашылық ізденісін жалғастыратынын жеткізді.