Әзіл-сықақ сатира театрында Қызыбек Аманжолдың «Ұрылар» пьесасы сахналанды. Спектакльде таңдау мен жауапкершілік шекарасы көрініс табады. Күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды астарлы әзілмен жеткізген қойылым көрермен көңілінен шығып, езуіне күлкі үйірді.
Оқиға желісі шым-шытырық, шиеленісті сәттермен өрбиді. Қарапайым тұрғындар күтпеген жерден 191-бап бойынша күдікке ілігеді. Күлкі мен шындық астасқан қойылым көрерменді адамгершілік пен заң арасындағы тепе-теңдікті сақтауға шақырады.
Қала тұрғындары қойылымды қызыға тамашалады. Образдардың шынайылығы мен өміршеңдігі көрерменді тәнті етті. Айтуларынша, спектакль ой салып, әділдік пен адамгершіліктің мәнін ұғындырады.
Премьераға келушілер көп болды. Көрермендер қойылымнан рухани әсер алып, ой түйіп қайтқандарын айтады. Театр ұжымы алдағы уақытта да астарлы әзілге құрылған жаңа қойылымдар ұсынбақ.