Мегаполисте тағы 51 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер Ақжайық шағынауданында жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлерден берілді. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін құттықтады.
Пәтерлер төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында «Отбасы банкі» арқылы берілді. Бұл жобалар баспана қолжетімділігін арттыруға және мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған.
ДӘУРЕН САУДАБАЕВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы саны 780, 51 пәтірді қазір береміз. Бұл кредиттік пәтерлер. Бірінші осы пәтерді алуға не керек. Конкурсқа қатысу керек. Кезекте тұры керек. Сосын табысты растау керек.
Жаңа қонысқа ие болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, мүгедектігі бар азаматтар және бюджет саласының қызметкерлері бар.
КӘМШАТ АРИПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Отбасы банкіне алғысымды айтамын. Ақжайық мөлтекауданынан үйлі болып жатырмыз. 5 жыл болды кезекке тұрғаныма. Бәріне рахметімді айтамын.
Азаматтарды баспанамен қамту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар халықтың өмір сапасын арттырып, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.