Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақытжан Позилов №2 қалалық аурухананың ұжымымен кездесті. Депутат соңғы жылдары әлеуметтік салада бірқатар жобалардың жүзеге асқанын атап өтті.
Халық қалаулысының айтуынша, қалада мектеп салу және білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары жоспардан артық орындалған. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Шымкент қаласы ауыз сумен, электр қуатымен және интернетпен толық қамтылған. Табиғи газбен қамту көрсеткіші де жоғары деңгейге жетті. Басқосуда депутат медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«AMANAT» партиясының бес жылдық жоспары бар.Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,2 трлн тееңге жоспарланған еді.Қазір партия үш жыл ішінде қырық бес мектеп салды.Жоспарланған дүниелерді артығымен орындап жатыр.