Шымкент қаласында кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда. Ол 2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым аралығында аптасына екі рет Абай, Еңбекші және Қаратау аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өткізіледі.


Елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша шешім қабылданған. Бұл ретте камералдық бақылау аясында ұйымдастырушылық-жедел шаралар да қарастырылған.


 НҰРСҰЛТАН РЫСБЕКОВ, КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Салықты әкімшілендірудің бір бөлігі камералық бақылау болып табылады. Мақсаты дербес бұзушылықтарды жою құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Салықтық тексеру тағайындамай өз еркімен анықталған бұзушылықтарды жою.

Камералдық бақылау 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салықтық есептілікке және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері бойынша міндеттемелерге қатысты жүргізілмейді. Десе де резидент емес тұлғалардың кірістеріне салық салу мәселелері бойынша, сондай-ақ 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейінгі кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілік ұсынылған жағдайда, камералдық бақылау жүргізіледі.


НҰРСҰЛТАН РЫСБЕКОВ, КАМЕРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 Салық есептілігін талдау нәтижесінде кірістерді төмендету, шығыстарды заңсыз арттыру, жеңілдіктерді негізсіз қолдану және т.б. жағдайлар анықталған кезде камералдық бақылау хабарламалары жіберіледі.

Кәсіпкерлер салық қызметкерлерінен тегін кеңес ала алады. Салық есептілігін тапсыру, төлемдерді есептеу, электрондық қызметтерді пайдалану және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар беріледі.