Қазақстанның әр өңірінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрғындармен кездесулер мен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жолы құқық қорғау органдары Отырар шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, заң бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


2026 жылдың басынан бері ел аумағында Президент бастамасымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және «Айқын нәтиже» жобасын жүзеге асыру аясында тұрғындармен, жастармен және еңбек ұжымдарымен жүйелі кездесулер өткізіліп келеді.


 ДӘУРЕН БАЛҒАНОВ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М.А
 «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру, сондай-ақ «Айқын нәтижелерге қол жеткізу» бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, аумақтағы коммуналдық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардың өтініштері қаралды.


 Іс-шара барысында прокурорлар, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік өкілдері азаматтармен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


АРМАН ЕСІМБЕТОВ, ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ
 Соңғы уақытта қылмыс түрлерінің, соның ішінде есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық және ұрлық деректерінің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін тәсілдері түсіндірілді.


 Айта кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы кездесулерді түрлі форматта өткізуді жоспарлап отыр.