Шымкентте Хваранг таэквондо академиясы спортқа бейім балаларды шақырады. Академия желісі балалар мен ересектерге арналған кешенді бағдарламаларды ұсынады. Мектепте спортшылар тек физикалық күшті емес, сонымен қатар тәртіпті, сыйластықты және мінез-құлықты қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Тхэквондо — бұл оңтүстік кореялық жекпе-жек өнері, ол қол және аяқпен соққы жасауға негізделген және Олимпиадалық спорт түрі болып табылады. Қазіргі таңда елімізде белең алып дамып келеді. Әсіресе жастар арасында қызығушылық байқалады. Хваранг таэквондо академиясының спортшылары еліміздің әр өңірінде өткен жарыстарда жүлделі орындарда көрінуде.
НҰРХАТ ҚҰРАЛБАЙ, ХВАРАНГ ТАЭКВОНДО АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СПРОТШЫСЫ
Бұл залға мен 9 жасымнан бастап қатыстым. Ең алғашқы қатысқан жаттықтырушым Ризаметов Нұрсұлтан ағай болды. Ең көп уақытым сол ағаймен болды. Және де үш-төрт жылдан соң дайындығымды азаңғы топқа ауыстырдым. Одан соң Омар ағай екі-үш жарыстан соң бірінші орын алғанымды байқады. Бойымда талант бар екенін көріп өзінің кешкі құрама тобына шақырды. Ең ірі жүлделерімнің бірі БАйқоңырдан бірінші орын алғанмын және де Алматыда өткен жарыстан екінші орын алғанмын.
БЕЙБІТ ЕРЖІГІТ, ХВАРАНГ ТАЭКВОНДО АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СПРОТШЫСЫ
Мен 9 айдан бері қатысып келемін. Мен таэковондоны қатты жақсы көргендіктен келдім. Менің көптеген жетістіктерім бар.
Хваранг бұл Шымкент қаласындағы танымал таэквондо клубтарының желісі. Шымкент бойынша 16 филиалы жұмыс істеп тұр. Спорт мектебі 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Қазіргі таңда 1200 бала спорттың осы түрімен жаттығады. Ал, жаттықтырушылар арасында Әлем чемпиондары мен спорт шеберлері бар.
ОМАР ЖҰМАБАЕВ, ХВАРАНГ ТАЭКВОНДО АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Осы олимпиадалық таэквондо түріне өткенімізге 2 жыл болды. Мақсатымыз олимпиада чемпиондарын шығару. Спорт залдарымызға келіп қатыса аласыздар. Мемлекеттік бағдарлама арқылы тегін және ақылы түрде қатысуға болдаы. Бізге келген әр-бір спортшы алдағы уақытта Республикалық, қалалық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі чемпионаттарға қатысатын болады. Және әр 6 ай сайын атестациядан өтіп отырады. Белбеулерін алып спортшылар қара белбеу деңгейіне дейін жетуге ынталандыру іс-шараларының барлығы жасалынып отырады. Таэквондо жас спортшыларға өте пайдалы келіп қатыссаңыздар болады.
Айта кетейік 7-18 мамыр аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына Хваранг таэквондо академиясының 9 спортшысы қатыспақ. Егер сіз Хваранг таэквондо академиясына ұлыңызды немесе қызыңызды қатыстырғыңыз келсе 8707 708 54 52 номеріне қоңырау шалуыңызға болады.
87077085452