Қазығұрт ауданында «Жастар – әлемді өзгертетін күш» атты жайдарман ойындары өтті. Шараға аудандық прокуратура, білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Көңілді кеш «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тапқырлығы мен сахналық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, өзара достық қарым-қатынасты нығайтып, бос уақытты тиімді ұйымдастыру көзделген. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы белсенділігін күшейту де басты назарда болды.
Көңілді әрі тартысты өткен сайысқа ауданның білім беру ұйымдарынан құралған 9 команда қатысты. Қатысушылар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» және «Бес жаңалық» кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Әр команда әзілдерімен, сахналық қойылымдарымен ерекшеленіп, тапқырлық пен креативтің үлгісін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар жастардың жан-жақты дамуына және олардың қоғамдағы белсенді азамат ретінде қалыптасуына оң әсер етеді.
«ЖАСТАР – ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН КҮШ»