Түркістанда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен қолға алынды. Негізгі мақсат – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және азаматтық бірегейлікті дамыту.


Жиында сөз алғандар заң үстемдігі мен қоғамдық келісімнің өзара тығыз байланысын атап өтті. Сондай-ақ ел бірлігі тұрақты дамудың негізгі тірегі екені айтылды.


 Бұл күні ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар қоғамдық келісімді дамыту жолындағы белсенді еңбектің жоғары бағасы болды.


Іс-шара Қазақстанның көпэтносты қоғам ретіндегі бірлігі мен қоғамдық келісімінің маңыздылығын айқындай түсті. Қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізі – заң мен тәртіп, өзара құрмет пен сенім.