Түркістан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXII сессиясы өтті.


Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, «2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VIII шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» бұрынғы шешімге толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізу қаралды. Депутаттар аталған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті шешімдер қабылдады. Сессия соңында облыс әкімі мәслихат жұмысына табыс тіледі.