1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуенсарай» туристік кешенінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Онда жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен жырға толы кеш барысында халқымыздың бірлігі, достығы мен мәдени ынтымақтастығы кеңінен дәріптелді.


 Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты Бірлік күнімен құттықтады. Мереке барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды.


Өңірде «Заң мен тәртіп», «Бейбітшілік пен келісім», «Адал азамат», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобалары аясында тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Ассамблея мүшелері «Таза Қазақстан» бағдарламасына және өзге де экологиялық акцияларға белсенді қатысып келеді. Құрылым аясында этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар және Аналар кеңестері, медиация институты, ғылыми-сараптамалық топ және жастар ұйымдары жүйелі жұмыс атқаруда.


Қазіргі таңда облыстың экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуеті артып келеді. Бұл жетістіктер – ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың нәтижесі.