Орталық Азия Инновациялық университетінде Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызына арналған дөңгелек үстел өтті. Жоғары оқу орнының ұжымы жиналып, кеше өткен референдум барысы мен Ата заңға енгізілген өзгерістерді талқылады.


 Іс-шараға оқытушылар, сарапшылар және студенттер қатысты. Жиын барысында қатысушылар Ата заңды жаңарту заң үстемдігін нығайтып, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сөз болып, ел болашағы азаматтардың бірлігіне, білімге ұмтылысына және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауына байланысты екені айтылды. Құқықтық мәдениет пен жауапкершіліктің маңыздылығы да ерекше аталды.


 ШОЛПАН ҚҰРАЛБАЕВА, ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Жастар биылғы референдумға белсенді қатысты. Бұрын мұндай процестер баяу жүретін еді, ал қазір азаматтар Ата заңға қатысты өз пікірлерін еркін білдіріп жатыр. Ата заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – бір палаталы парламент жүйесіне көшу. Бұл заңдардың қабылдану үдерісін жеделдетеді. Сонымен қатар өлім жазасына тыйым салынды. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірқатар оң өзгерістер енгізілді.