Шымкентте “Мұрагер” Бейбітшілік шарты әскери күштерінің кезекті тағылымды жиыны өтті. Шара 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналды. Іс-шара Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылып, жас ұрпаққа батырдың қайсарлығы мен отансүйгіштігін дәріптеуді мақсат етті.
Кездесу барысында ардагерлер жастарға соғыс жылдарындағы қиындықтар мен батырлардың жанқиярлық ерліктері туралы тағылымды әңгімелер айтып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге шақырды.
Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен тарихи ерлігі ерекше атап өтіліп, оның есімі ел жадында мәңгі сақталатыны айтылды. Шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, мұндай кездесулердің жастардың елжандылық рухын қалыптастырудағы маңызы зор екені атап өтілді. Бүгінгі ұрпақ – елдің болашағы. Сондықтан батырлар ерлігін ұлықтап, олардың өнегелі жолын насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.