Сауран ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ердің жолы – елге қызмет» атты салтанатты іс-шара өтті.


Тағылымды шарада ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери қызметшілер, құқық қорғау саласының өкілдері және ардагерлердің еңбегі ерекше екені атап өтілді. Салтанатты жиында ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздардың әсерлі қойылымдары Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлік рухын айшықтай түсті. Іс-шара соңында қатысушыларға сый-сияпаттар табысталып, мерекелік жиын жоғары деңгейде аяқталды.