Төлеби шекара басқармасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні атап өтілді. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, әскери өмірмен танысты. Патриоттық әндер шырқалып, Отанға адал қызмет етудің мән-маңызы айтылды.


 Мереке аясында Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, елге қызмет етудің үздік үлгісін көрсеткен әскерилер марапатталды. Еңбекші ауданы әкімдігі алғыс білдіріп, ерен еңбектің әрдайым еленетінін жеткізді.


ЕРЛАН КҮЗЕНБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біздің бейбіт өмірде еш алаңсыз, емін-еркін өмір сүріп жатқанымыз – осы кісілердің еңбегі. Мерекелеріңіз құтты болсын!»


Мерекелік кешке әскери сала ардагерлері де қатысып, естеліктерімен бөлісті. Олар жас буынға қызметтің қыр-сырын таныстырып, оның мән-маңызын баяндады.


УАЛИХАН ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ, ІІМ АРДАГЕР ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын!»


 Іс-шара барысында жас буын аға буынға әскери салаға қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Патриоттық әндер шырқалып, мәдениет саласының қызметкерлері өнер көрсетті.