• Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында топ жарып, жүлделі 12 марапатқа қол жеткізді. George Brown Convention Center алаңында өткен сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан аса жас қатысқан.

  • Жарысқа елімізден 225 оқушыдан құралған ауқымды делегация аттанған еді. Төрт күнге созылған байқау қорытындысы бойынша қазақстандық командалар барлық санаттарда жоғары нәтиже көрсеткен. Қатарында шымкенттік оқушылар да бар. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2020 жылдан бастап Қазақстан FIRST халықаралық қозғалысында өз позициясын нығайтып келеді.