7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында тағылымды кездесу өтті. Іс-шара Бас әскери прокуратураның тапсырмасына сәйкес «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» тақырыбындағы республикалық профилактикалық акция шеңберінде ұйымдастырылды.
Іс-шара әскери бөлімнің саптық алаңында басталды. Онда мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қарумен және қарусыз көрсетіп, дайындық деңгейін паш етті. Одан әрі қонақтарға әскери қызметшілердің заманауи киім үлгілері таныстырылып, сарбаздардың ас мәзірі көрсетілді. Сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді. Қонақтар казармалық үй-жайларды аралап, тұрмыс жағдайымен танысты. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері мен ардагерлер әскери қызметшілермен ашық сұхбат өткізіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әскери тәртіпті сақтау және патриоттық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен сарбаздар арасында ашық диалог орнатылып, құқық қорғау қызметінің қолжетімділігі түсіндірілді.
АСҚАР РАМАЗАН, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР – ӘУЕ ШАБУЫЛЫНА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ САРБАЗЫ
Бүгін бізге әскери прокуратура өкілдері, запастағы полковниктер мен ардагерлер келді. Ол кісілерге алғыс айтамыз. Бізге өмірлік тәжірибелері мен өнегелі әңгімелерін айтты. Әскерге деген көзқарасымызды нығайтып, мықты болу керектігін түсіндірді. Әскер деген – Отанды, жерді, ата-ана мен туған-туысты қорғау екенін айтып берді.