Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов «Инкай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Қазақстандағы ірі уран өндіруші кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызы түсіндірілді.


Жиында мәслихат төрағасы конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, Ата заңға енгізілген түзетулерде еңбек қауіпсіздігі, адам құқығы мен мүддесін қорғау мәселелері заңмен бекітілген. Сондай-ақ жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екені нақты көрсетіліп, табиғи ресурстарды қоғам игілігіне тиімді пайдалану мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалған. Мәслихат төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер демократиялық үдерістерді нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Конституциялық өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіріп шықтық. Оның ел үшін маңыздылығын және саяси реформалармен қатар әлеуметтік реформалардың алдағы бағыттарын түсіндірдік.