Биыл Отан соғысының аяқталғанына 81 жыл. Мерекелі дата аясында оқушылар Жеңіс саябағына барып, Сабыр Рахымов ескерткішіне құрмет көрсетті. Тазалық қызметкерлерімен бірге тас мүсінді жуып, айналасын абаттандырды.


Тазалық шарасына №12 мектеп оқушылары қатысты. Алдымен еңселі ескерткіштің шаңын сүртіп, айнадай жарқыратып тазалады. Содан соң мерекелік концерт ұйымдастырып, өнер көрсетті.
ИНТЕРШУМ: ӘН


АСЫЛЖАН ШӘКІР, ОҚУШЫ
 «Бүгін біз Сабыр Рахымовтың ескерткішін жууға атсалысып жүрміз. Ол Жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосқан.» «Ескерткішті жуу біз үшін қарапайым іс емес.»


 39, 47 және 37-ші атқыштар дивизияларына жетекшілік еткен Сабыр Рахымов – төрт мәрте Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Суворов ордендерімен марапатталған. Кескілескен майданда асқан ерлік көрсетіп, генерал-майор шенін иеленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсат – оқушы еңбегін пайдалану емес, олардың бойына патриоттық рух сіңіру.


 ГҮЛЖАН ОМАРОВА, №12 ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ
– «Іс-шараға елуге жуық оқушы келіп отыр. Мұның тәрбиелік мәні өте зор.»


Іс-шара барысында мұғалімдер оқушыларға оның мән-маңызын түсіндіріп, Сабыр Рахымовтың ерлік жолын баяндады.