Amanat партиясы-ның Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция мүшелері Дария Қожамжарова мен Бөкейхан Әбішев аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында партияның алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды.
Халық қалаулылары қалада атқарылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды. Кездесуде тұрғындар коммуналдық қызметтерге қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Депутаттар айтылған мәселелер тиісті мекемелермен бірлесіп жан-жақты зерделенетінін, әрбір сауалға заң аясында жауап берілетінін атап өтті.