Шымқала кештері көңілді. Әр аптаның сенбі-жексенбі күндері қала саябақтары мен демалыс орындарында концерттік бағдарламалар өтеді. Мәдениет саласының қызметкерлері өнер көрсетіп, ән мен күйден шашу шашады.


 Дендро саябағында өткен кеште «Шымкент концерт» ұжымы өнер көрсетті. Әуелете ән шырқап, демалушылардың көңілін көтерді. Келушілер өнерпаздармен бірге сүйікті әндерді қосыла шырқады.


 НҰРСҰЛТАН ӘРІПХАНҰЛЫ, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
 – «Мұндағы мақсат – Шымкент тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу. Қала тұрғындарын концерт тамашалауға шақырамыз!»
 
Айта кетейік, «Шымқала кештері» бір мезгілде қаланың бірнеше саябақтары мен скверлерінде қатар өтеді. Өткен сенбіде Дендро саябағымен қатар Абай саябағында да думанды кеш ұйымдастырылды. Қалалық цирк ұжымының симфониялық оркестрі классикалық әуендерді орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


СҰЛТАНХАН АМАНОВ, «ШЫМКЕНТ ЦИРК» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Әр апта сайын әртүрлі мекенжайда өткізіп тұрамыз.» «Халықтың ықыласы өздеріңіз көріп отырғандай өте керемет. Жылы қабылдап жатыр.»


Концерттік бағдарламаны тамашалауға келген келушілер қарасы қалың. Тұрғындар мұндай кештер азаматтардың мәдени талғамын арттыратынын айтады.