1 маусымда шомылу маусымы ашылады. Осыған байланысты төтеншеліктер судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік шараларды күшейтті. Мамандар көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, су айдындарындағы жүзу құралдарына тексеріс жүргізді.
Шомылу маусымы қарсаңында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік шаралар күшейтілді. Төтеншеліктер көліктік бақылау инспекциясымен бірге рұқсат етілмеген шомылу орындарында су көліктерінің қозғалысын тексерді.
РУСЛАН ОРЫНБЕК, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
1 маусымда республикалық шомылу маусымы басталады. Осыған сәйкес ТЖД көліктік инспекциямен бірлесіп, қала аумағындағы су айдындарында жүзу құралдарын пайдалану тәртібі мен шомылу қауіпсіздігін бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. // 00.40
Рейдтік іс-шаралар Дендросаябақтағы көл мен Жайлаукөл аумағында ұйымдастырылды. Ондағы жүзу құралдарының техникалық жағдайы тексеріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
МЕДЕТ ӘЛТЕЕВ, КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Құтқару жилетін кимей суға түскен жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Шараның негізгі мақсаты – қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау.
Айта кетейік, Шымкентте шомылу маусымына арналған бес арнайы орын белгіленген. Оның үшеуінде шомылуға рұқсат етілсе, екі су айдыны туристік аймақ ретінде қарастырылған.