Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 24-аптасында мерзімінен ерте туған сәбидің өмірін сақтап қалды. Туған кездегі салмағы небәрі 700 грамм болған нәресте бірнеше айлық ем мен күтімнен кейін үйіне шығарылды.


Сәби 2026 жылдың 9 қаңтарында дүниеге келген. Анасының жүктілігі ауыр өтіп, түрлі асқынулар байқалған. Бірден қалалық перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған шақалаққа шала туу, тыныс алу бұзылысы және экстремалды төмен салмақ диагноздары қойылған. Дәрігерлер мен мейіргерлер бірнеше ай бойы сәбиге тәулік бойы күтім жасап, қажетті ем-шараларды жүргізді. Нәресте 94 күн реанимация бөлімінде, кейін 15 күн жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде ем қабылдады. Нәтижесінде сәбидің жағдайы жақсарып, салмағы 2460 граммға жетті. Қазіргі таңда ана сүтімен қоректеніп, салмақ қосып келеді. Анасына сәбиге күтім жасау толық үйретіліп, нәресте өмірінің 109-күні үйіне шығарылды.