Шымкенттік жастар өндіріс орындарына экскурсия жасады. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастары «Aqua Rossa» және «Евро знак» өндіріс ошақтарын аралап, жұмыс барысымен танысты.


Жастар «Тассай» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы өндіріс орындарын аралады. Іс-шараға 60-қа жуық жоғары оқу орнының студенті қатысты. Олар өндіріс орындарының жұмысшыларымен тілдесіп, компьютерлік басқару арқылы жұмыс істейтін технологиялардың жұмысын бақылады.


СЕРҒАЛИ ӘБДІРАСЫЛ, СТУДЕНТ
 Бұл жерге келу себебіміз зіміздің күнделікті тұтынатын сусынымыз, тәтті сусындарымызбен танысуға келген болатынбыз. Қалай шығарылады, қалай жасалынады, құрамына нелер кіреді деген сияқты. Қызметкерлермен танысып өқтуге келген болатынбыз. Болашақта бізге өз мамандығымыз бойынша жұмыс істеуге өзіміздің қызығушылығымызды арттыруға келген болатынбыз.  


 Жастардың өндіріс орындарына экскурсия жасауы олардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, кәсіпкерлікке баулиды. Мұндай іс-шаралар кәсіби бағдар беру мақсатында жиі ұйымдастырылады.


БАҒДАГҮЛ ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КММ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бүгін Шымкент қаласының белсенді және ерікті жастарын жинап осындай өндірістік зауытқа экскурсия жасауға келдік. Мұндағы мақсат жастарды кәсіпорындарға қызығушылығын арттыруға және де жұмысшы мамандықтарын толық меңгеруге және зауыттағы ішкі тыныс тіршіліктерін таныстыру мақсатында алып келіп отырмыз. Бұған дейін бірнеше зауыттарға барғанбыз. Мұндай экскурсия бізде жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұған деін Бал текстил, шыны шығаратын зауыт. Шұлық зауыттары мен кілем тоқылатын зауыттарға экускурсия жасалған.


Айта кетейік, мұндай өндірістік турлар мен экскурсиялар оқушылардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, өнеркәсіп саласының маңыздылығын түсінуге көмектеседі.