Шымкент қаласының Сәуле шағынауданында жүзеге асырылып жатқан жобаның нәтижесінде 950 үй тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде ауданда заманауи инженерлік инфрақұрылым қалыптастырылады.


 Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаның мердігері – «ЭнергоСетьСтрой» ЖШС. Қазіргі таңда 446 бағана орнатылып, траншея қазу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, кернеуі 10 кВ болатын 15,4 шақырым және кернеуі 0,4 кВ болатын 13,5 шақырым кабель желісі төселді. Бұған қоса 1 тарату пункті орнатылып, 5 трансформаторлық қосалқы станция орнатылуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, 85 пайызға орындалған. Жобаны 2026 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.