М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның 11-сынып оқушысы Ильяс Уалихан ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті.
Талапты оқушы тестілеуде таңдау пәндері ретінде математика және география пәндерін таңдаған. Бұл оның нақты ғылым саласына деген қызығушылығы мен болашақ мамандығына деген айқын ұмтылысын аңғартады. Жоғары көрсеткіш – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және үздіксіз еңбектің нәтижесі. Айта кетейік, биылғы ҰБТ-ға Шымкент қаласының 10 287 түлегі қатысады.