Әдеби-сазды кеш Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың «Жастарға ой толғаймын» жобасы аясында өткізілді. Мейірімі көзінде, ақылы сөзінде тұратын аналар қауымына бар жас өз арнауын жолдады. Ақын Ақмарал бұл кешті «Анаға хат» жинағымен қолдады.
Ақмарал Леубаева – Айтыскер ақын
Ана мен баланың бір-біріне деген сезімін жеткізу жолдары шынайылықтан басталады. Бала өзінің анасын қаншалықты жақсы көретінін хат арқылы жеткізеді. Ол да, адамдардың ара-қатынасын жақындатады. Осындай мақсатта ұйымдастырған болатын. Үздік деп танылған шығармалардың дені – анасы марқұм болған балалар. Оқушылардың арасындағы өлеңге, поэзияға деген құмарлығы, жалпы, қабілеті бар балаларды танып, оны марапаттап, оның әрі қарай да дамуына қолдан келгенше көмек көрсету. Сондықтан бұл балалардың алғашқы қадамына көрсетілген демеу.
«Анаға хат» жобасы қалың оқырманға 2011 жылы жол тартты. Содан бергі әр кеште егілмеген, езілмеген жүрек жоқ... Ақын Ақмарал Леубаева басқарма басшылығының қолдауымен жастарға арналған өнер сайысын облысымыздың бірнеше ауданында өткізіп үлгерді.
Раушан Аманова – Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы
Биылғы жылы 100-ге жуық шығармалардың 10-ы үздік деп танылғандарды іріктеп алдық. 00:00:40 10 оқушыны облыстың әр жерінен шақырып отырмыз. Марапаттау арқылы әдебиетке қызығушылығын арттырып, облыста осындай таланттар бар екенін таныту мақсатында ұйымдастырып отырмыз.
Ақылды ана: «жастығым — балам», - дейді.
Одан туылған зерек бала: «ай-күнім — анам» дейді. Байқау ана мен бала арасындағы ізгі байланысты бекіп, қазақстандық қоғамдағы отбасы мерейін арттыруға бағытталған. Жас қалам иелерінің қарымын шыңдап, қадамын нықтауға да зор мүмкіндік.
Ақмарал Көпжасарова