Ол – ұлағатты жан. Білім-білігі өз алдына. Қажет кезде шәкірт жанына демеу бола алатын қасиеті бар. Өз ісінің білгірі ел келешегі жастардың адал, еңбекқор және алғыр болу керектігін үнемі айтып отырады.
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Бұл жолда кейіпкеріміздің еңбегі еселі. Дарақ бір жерден көгереді. Білім ордасында тапжылмай 34 жыл еңбек еткен Роза Әубәкірқызын әріптестері де айрықша құрмет тұтады.
Ұлағатты ұстаз мерейін шәкірттер арасында ұйымдастырылған валейбол жарысы үстем ете түсті. Спорттық бәсекеде 50-ге жуық үміткер 4 командаға бірігіп бақ сынасты.
Еңбек ескерусіз емес. Роза Ахметованың ел игілігі жолында атқарған атқарған ісі көпке үлгі. Көпжылдық еңбек өтілінде ол бірнеше марапатқа ие болды. Жетістікке қол жеткізді. Оның атына берілген ҚР Білім және Ғылым министрінің «Құрмет» грамотасы, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы сөзіміздің айқын дәлелі.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы