Облыстық шеберлік сыныбын өткізудегі мақсат айқын. Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнін оқыту бойынша  жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.  Пәнді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру. Семинар барысында ұстаздар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, пікір алмасты.
Дидар Баяндиева – Созақ аудандық білім бөлімінің әдіскері
Бұл шебер сыныптың мақсаты жас мамандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Оқыту әдістерін үйрету және көркем әдебиетке деген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізуге болады осы мақсаттар төңірегінде жұмыс жасап жатырмыз.Бұл шебер сыныпқа аудан орталығынан барлық аудандардан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жас мамандар қатыстырылуда.

Мұндай семинарлар әсіресе, жас мамандар үшін аса қажет. Себебі, мұнда білікті ұстаздардың озат тәжірибесі насихатталды. Үш тілді меңгеру, соның ішінде мемлекеттік тілге басымдық беру бойынша пікірлесті. Оқушыларды таң-тамаша тәсілмен  көркем әдебиет баулу, қазақ әдебиетінен үйірмеге ынтықтыру жолдары талданды.

Жәмила Байденова –  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бұл семинарға келу мақсатымыз - осы жас мамандармен тәжірибе алмасу, әдіс-тәсілдер жинақтау болатын. Осындай семинарлар көптеп ұйымдастырылса, жас мамандарға үлкен көмек болар еді. Ұйымдастырып отырған кісілерге көп-көп алғысымызды білдіреміз.

Венера Әлімбекова – Шолаққорған жалпы орта мектебінің мұғалімі

Мақсаты осы... Шолаққорған мектебінде бірнеше жыл стажы бар мұғалімдеріміз үлкен мұғалімдеріміз осы жас мамандарға өз іс-тәжірибелерін көрсетіп жатыр.

Жаңалық жаршысы - жас маман. Осылай деген семинар ұйымдастырушылары мектепке кейін келген буынды ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге үндеу,  жаңашылдыққа бастау ұтымды іс екенін айтады.  Белсенді топ бұл тұста Елбасы белгілеген межеге сай, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуды көздейді.

ЖАНДАР Бекбергенұлы