Ақсақалдар бата беріп жарысты. Қазақстан мұсылдары діни басқармасы төрт бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның бірі – дін мен дәстүр. Осыған сәйкес аталған ұйым жиылған жамағатқа ұлттық құндылық пен рухани тәрбие мәнін ұғындырып, қазақы іс-шараларды ұйымдастырады.


Биыл екінші рет өткен республикалық бата беру сайысыда 20 ақсақал бақ сынады. Олар алдымен жеребе арқылы билет алып, қойылған сауалдарға жауап іздеді. Одан кейін кездейсоқ ұсынылған тақырыпта бата оқыды. Әділқазылар қатысушылардың киім үлгісі мен дауыс ырғағына, суырып салма тапқырлығы мен біліміне қарап бағалады.


БАҚДАУЛЕТ АБДУРАХМАНОВ, БАС ИМАМ

 – Үш сұрақ болады. Екі дәстүрге байланысты сұрақ, сосын сол дәстүрге сәйкес бата.» «Кейбір баталарда шариғаттан ауытқушылық болуы мүмкін. Соның бәрін реттеп отырамыз» 


 Ұзақ жыл ұстаздық етіп, қазақ тілінен дәріс оқыған Құралбек ақсақал: «батаның маңызы зор, құндылығы ұшан-теңіз» дейді. Сөзінше ас қайырып, тілек жасау ұлттық кодтың айырылмас бөлігі. Жасы үлкендер игі дәстүрді берік ұстанып, оны кейінгіге насихаттай жүруі тиіс.


ҚҰРАЛБЕК САҒЫНТАЙ, СПИКЕР

 – «Негізгі мақсат кейінгі жастарға ырым-тыйым, обал-сауап жайынан кең ақпарат беріп, от-ауызды, орақ тілді ақсақалдарды іріктеу.» -


 Қатысушыларға сұрақтар басқарма басып шығарған «Дін және дәстүр-салт» кітабынан қойылды. Онда қазақы тұрмыс жөн-жоралғылары баяндалып, діни көзқараспен ұшталған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер діни басқарма тарапынан тағайындалған қаржылай сыйлықтармен марапатталды.