Жылаған әйелдер, шырылдаған сәбилер және үзіліп түскен тағдырлар. Мегаполисте терең драмалық қойылым сахналанды. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры көрермендерге ерекше әсер қалдырған жаңа қойылым ұсынылды. Ақмоншақ Ахметтің «Бейтаныс таныстар» монодрамасының тұсауы кесілді.
Бұл туынды қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелер мен адам тағдырларының күрделілігін тереңінен қозғайды. Шығармада Жансая Бауыржанқызының «Мама» драмасынан үзінділер алынған. Әр көріністе бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалды.
БЕРІК ЕРБАТША, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР
--- Қойылым қазіргі күндегі - жасаған болатын қойылым қазіргі күндегі өзіміздің тұрмыс тіршілігімізде болып жатқан әйелге деген зорлық-зомбылық отбасыда бала тәрбиесі көтерілгендіктен пиеса сәті шықандықтан осы Ахмет Ақмоншақтың бейтаныс-таныстар монадрамасы желісімен алған болатынбыз жалпы бұл драма үшпеса желісі бойынша жасалған болатын
Көрермендерге қойылатын сұрақтар: «Кім жазықты?», «Кім ұтты?», «Кінә кімнен?» – бұл сұрақтар арқылы спектакль терең ойға жетелейді. Адамды терең ойға батырып, өмірде болып жатқан жағдайларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
ОРЫНКҮЛ ҚАЛЫБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Бүгінгі спетакль өте тамаша өтті деп ойлаймын керемет деңгейде өтті Ақсүйрікке әрдайым жолын ашық болсын өнер әлемінде бейіке самғай берсін деген тілек айтқым келеді.
Инсценировка авторы, сценограф, қоюшы режиссер Берік Ербатша. Киім суретшісі Ержан Досанов. Қойылымдағы сәтті пайдпаланылған музыканы көркемдеген Абылай Қыдыралиев. Басты рөлдерде: ойнаған Хамза Ақсүйрік, Ақмарал Сүлейменова өз ісінің шебері екендіктерін тағы да дәлелдеді.