Шымкентте грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир басталды. Жарысқа 7 бірдей шет мемлекет пен еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық балуан қатысып жатыр.


 Айтулы дода жеңістің 80 жылдығы аясында Ауған соғысы құрбандарын еске алуға арналып отыр. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл. Дүбірлі дода қан майданда қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Халықарлық турнирдің іріктеу кездесулері өтіп жатыр. Жарысқа Болгария құрамасы 1, ал Тәжікстан елі 46 балуанын алып келген. Сондай-ақ қырғыздардың да жақсы дайындықпен келгені байқалады. Жеңімпаздар есімі ертең белгілі болмақ.