Биыл қазақ оркестрінің королі Нұрғиса Тілендиевке 100 жыл. Айтулы жылнамаға орайластырылған көшпелі концерт Шымкентте де шымылдық түрді. Кештің ибасты қонағы әрі ұйымдастырушысы Секен Тұрысбеков бастаған шығармашылық ұжым Шым қала кешін әсем әнмен әрледі. Түркістан сарайында өткен ұлттық мәдени кешке тілшілер де қатысқан болатын
Даңқты композитор Нұрғиса Тілендиевтің артында «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» сынды ел жадында мәңгі сақталар күйлері мен 500-ге жуық ән мен романстары қалды. Кеште өзі өлсе өшпес мұрасы өлмеген тұлғаның өнері мен шығармашылығы паш етілді.
Бұл кеште Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі өнер көрсетеді. Концерт Алматы облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің қолдауымен шымылдық түрді.
ТҮРКСОЙ – Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялаған болатын. Жыл бойы мерейтойға арналған мәдени іс-шаралар жалғасын табатын болады.