Әрбір ата-ана үшін баладан асқан бақыт жоқ. Олардың амандығы мен қауіпсіздігі бірінші орында. Шымкентте жыл басынан бері 5 жасқа дейінгі 40-тан астам бала өлімі тіркелген. Балдырғандар мазасыз ба? Ата-аналар назарсыз ба? Әсел Ерболқызы тарқатады.


 ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Зерттеулерге сүйенсек, бала өлімі көрсеткіштері айтарлықтай төмендеуіне қарамастан Шымкент қаласы бойынша былтыр 15 жасқа дейінгі 272 бала көз жұмған. Оның 34 пайызы жол апатынан, 25 пайызы суға кетіп, 23 пайызы отқа күйіп өмірден өткен.


2 бала тәрбиелеп отырған Айнұрияның көңілі алай-дүлей. Балаларды бір сәт бақылаудан шығармай, қауіпсіздік жайлы тіпті жиі түсіндіруге тырысамын дейді. Оған соңғы уақыттағы суыт хабарлар себеп.


 АЙНҰРИЯ БАЙМҰРАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен балалардың қауіпсіздігі үшін уайымдаймын сол үшін өзіміздің мөлтекаудандағы мектепке беремін. Артық жолды өтпеу үшін. Және терезеден құлап кетпеуі үшін қадағалаймын. Баланы солай сақтандырамын. Өзім де уақыттан ұтамын, бала да шаршамайды.


 Ата-аналар алаңдамай қайтсін? Періштелердің демі дөңгелек астында үзіліп жатыр деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Ал мамандар бала өлімі көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендегенін айтады. «Бүлдіршіндер өлімнің басты себептерінің бірі нәрестелік кезеңдегі аурулар. Нақтырақ айтсақ: жұқпалы аурулар, тыныс органдарының ауруы, пневмания, бұдан бөлек басқа да жарақат салдары»,-дейді олар.


АЙДАНА НАРТАЕВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СТАТИСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы өлгендер саны 5106 адамды құрады. Соның ішінде 272 бала қайтыс болған. 2023 жылмен салыстырғанда 31.1 пайызға төмендщеген. Ал қазір 2025 жылы қаңтар ақпан айларында 5 жасқа дейінгі 41 бала өлімі тіркелген. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 23 сәби өлімі 01:21


 Күйбең тірлікпен жүріп кейде үйдегі бала тәрбиесін ұмыт қалдыратыны жасырын емес. Бұл әсіресе, жұмыс басты отбасыларға тән. Бақылаусыз бейқамдықтың соңында бармақ тістеп қалмауыңыз үшін мамандар балаңызға қауіпсіздік ережелерін жаттауды, оқыс оқиғалардың алдын алу әрекетін түсіндіруді сұрайды.


 ЕРҒАЛИ СУЛЕЙМАНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жол потрульдік полиция қызметкерлдерімен үнемі бұл басты бағытта жұмыс атқарылып отырылады.  Потрулдік полиция блоктармен барлық жерді қамту мүкін емес сол себепті, арнайы департаметтің 102 хабарласса болады. Сонымен қатар біздің өзіміздің халықпен бірге чаттарымыз бар.


 Үйде де, түзде де немен айналысып жүргенін қадағаламайтын ата-ана көп. «Әлбетте апат айтып келмейді, алайда бәрінен бұрын ата-аналардың қамсыздығы қиын, баламен ашық сөйлесу маңызды» дейді психол Айгүл Мұхтарханқызы.


АЙГҮЛ МҰХТАРХАНҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ

 Қазіргі таңд балалр қауіпсіздігі ауқымды тақырыпқой.Анасы немесе үйдегі әкесі міндетті түрде сөйлесіп немесе түсіндірсе бар болмысымен, өзінің өмірінде өткен оқиғаларды түсіндірсе оқиға арқылы балалар өте жақсы түсінеді.  Балаға ең біріншщі жангашырлықпен сөйлесу керек. Сенімділікпен


Құрсағынан шыққан құлыншағын қараусыз қалдырғандардың соңы жазатайым жағдайларға әкеліп жатады. Мәселен, өткен жылы елімізде 200-ден астам бала терезеден құлап, оның 12-сі көз жұмған екен. Сондықтан мамандардың сөзіне мән беру маңызды. Ескертуді елемеудің соңы өкініштің өртіне әкеліп жүрмесін.