Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы аясында «Жаңа толқын, жасампаз буын» тақырыбында III Республикалық жастар жиыны өтті. Оған Түркістан облысының белсенділері қатысып, қоғамдағы өзекті проблемаларды талқылады.


 Жиынның мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдағы жобалары мен жастар құрылымдарының негізгі жетістіктерін көрсету. Түркістандық жас буын «Ассамблея жастары» ұйымы қызметінің негізгі бағыттары мен креативті индустрия, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік кеселдерді алдын алу және халықаралық қызмет туралы ойларын ортаға салды.


Сонымен қатар сессияда ұйымның алдағы жылға арналған дамуының негізгі міндеттері пысықталды. Бірқатар азаматтар қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.


 МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мен өздеріңізбен осыншы жыл бірге жұмыс істеп келе жатқанымды мақтан тұтамын. «Ассамблея жастары» қазіргі таңда өте белсенді ұйым. Барлық бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Сіздер ассамблея жастары үшін көп іс тындырып жүрсіздер. Сіздер 21 ғасырдың жастарысыздар. Сондықтан келесі ұрпаққа Ассамблеяның құндылығын жеткізетін өздеріңіз. Отанға деген, беібітшілік пен келесімге деген құрметті бағалау керексіздер.


 Айта кетейік, «Ассамблея жастары» 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Қазіргі уақытта бұл ұйым Қазақстанның жетекші жастар қоғамдастықтарының біріне айналды.