Шымкенттік оқушы көлік апатының алдын алатын құрылғы ойлап тапты. Anti sleep glasses көзәйнегі жүргізушіге ескертпе жасап, ұйықтап кетпеуін қадағалайды. Егер көз ілініп, көлік басқарусыз қалса ақылды жүйе машинаны өзі тізгіндеп, жол жиегіне тоқтатады.


Құрылғыны 9 сыныпта оқитын Дінмұхаммед Келесбай мен Ақарыс Ыбырайым құрастырған. Ұзақ ізденіп, біршама уақыт жұмсаған топ теорияны практикаға жалғап, көзәйнекті сынақтан өткізген. Айтуыларынша, нәтиже жаман емес. Демеушілер табылса қос оқушы жобаны жетілдіріп, ел игілігіне ұсынуға дайын.


ДІНМҰХАММЕД КЕЛЕСБАЙ, ОҚУШЫ

– «Ұйықтап қалған дегенді қалай түсінеді? 3-4-5 секунд. Өзіңіз таңдайсыз бағдарлама арқылы. Мынаны мынаны айт дейсіз.»  «Мысалы сыз ұйықтап жатырсыз. Музыка ойнап жатыр сіз тұрмайсыз. Машина шетке барып өзі тоқтайды. Және тағы бір опция бар бізде. Егер жүргізушінің ұстамасы ұстап қалса көлік жол жиегіне тоқтап, 102-103 нөмерлеріне өзі хабарласады.» 


Ал 11 сынып оқитын Аружан Әкімжан мен Аяна Асқарова деменция, альцгеймер ауруларымен күресетіндерге арнап арнайы веб-платформа жасаған. Қосымшада GPS қадағалау, форум, кеңес беру, естеліктерді сақтау сынды түрлі функциялар бар. Егер науқас бейсаналы түрде үйден алыстап, адасып кетсе құрылғы бірден дабыл қағып, туыстарына хабарлайды. Сондай-ақ есте сақтау қабілетінен айырылған жандар үшін VR көру мүмкіндігі де қарастырылған. Ол пациентке сурет және бейне-роликтерді ұсынып, естеліктерін жаңғыртады.


АРУЖАН ӘКІМЖАН, ОҚУШЫ

– «ЖИ-де қосылған. Ол оларға емделу жоспарын жасап береді. Одан бөлек ЖПС бар. Егер сондай ауырған жандар үйлерінен шығып кетсе. Олардың жақындарына хабарлама келіп тұрады.» 


 26 сәуір – зияткерлік меншік күні. Осыған орай Әділет департаменті жас өнертапқыштарды бір алаңда тоғыстырып, сайыс өткізді. Басты мақсат – оқушыларды жігерлендіріп, бағыт-бағдар беру.


АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

 – «Жобалардың ерекшелігі мұның бәрі тұрғындардың өмір-салтын жеңілдетуге арналған.»  «Барлық жобалар өте жақсы, тиянақты дайындалған.»


Сайыс барысында оқушылар көрермен мен әділқазыларға өз жобаларын жан-жақты таныстырды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар департамент тарапынан марапатталып, бағалы сыйлықтарды иеленді.