Шардара су қоймасы өткен ғасырлардың 60 жылдары салынған. Әу бастағы мақсат - егін алқаптарын суғарып, электроэнергия өңдеу болатын. Бүгінде жасанды су қоймасында балықтың 26 түрі мекендейді. Жылына 4 мың тоннаға жуық балық өңделеді. Оның 80 пайыздан астамы шет елге экспортталады. Осының арқасында ел қоржыны еселене түскен. Бірақ, су қоймасы қазір экологиялық апаттың алдында тұр. Санитарлық тазалық сақталмайды.
Тазалықты сақтамайтындар әлбетте, тұрғындардың өздері. Туристер қаражатпен қоса, машақат тастап кетеді. Қауіпсіздік шараларын сақтамай, суға батқандар қаншама?! 2015 жылдан бері 30 адам көз жұмды. Өйткені, уәкілетті органдар қауіпсіздік және профилактикалық іс-шараларды тиісті дәрежеде жүргізбеген.
Жиында аталған мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді. Балықты заңсыз аулап, оны жасырын тасымалдайтындарға тосқауыл қою жағы пысықталды.
ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы