1 мамыр – ынтымақ күні. Бұл дата елімізде ерекше аталып өтеді. Мегаполистегі Орталық саябақта «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бейбітшілік – кемел келешектің негізі. Әлфараби ауданында ынтымақ күніне орай түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Олар қазақ туының астында еліміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып келеді. Мерекелік жиында бірлік туын желбіреткен ұлыс өкілдері марапатталды.
САЛМАН НАБИЕВ, «АХЫСҚА» ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШҚФ МҮШЕСІ
Осы мені бүгін марапаттап алғыс хат бергені үшін мен көп-көп айтамын. Барлығыңызға зор денсаулық, әрдайым Қазақстанымыз өркендей берсін. Жақсылық бола берсін.
Мемлекет басшысы Шымкентке жасаған сапарында «Берекенің көзі – ынтымақта. Бұл сөздің астарына үңілсек, береке дегеніміз – экономика, ал ынтымақ дегеніміз – саясат» деген болатын. Көпұлтты елімізде бірлік басты орында.
ЕРЖАН ЕРЛАНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауында осы бірлікті, ынтымақты жетілдіру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі деп атап айтты. Сонымен қатар биыл Қазақстан Ассамблеясына да 30жыл толып отыр. Осы 30жылдың ішінде ассамблея да мынау елдің ішінде орналасқан 100-ден ұлт пен ұлыс өкілдерін де ынтымағы мен бірлігін нығайтуда сол мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл қалыптастырды.
ҰЛБАЛА САРДАБАЕВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
- Қазақ халқының мейірмандығы,кеңпейілдігі барлық әлемге әйгілі. Сондықтан бүгінгі күнгі достық күні, бірлік күні, ынтымақ күніміз құтты болсын. Халқымызда тыныштық заман болсын, ұрпақтарымыз аман болсын, еліміз жайнасын, қазандары қайнасын.
Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Мың бұралған бишілер, күміс көмей әншілер саябақ аспанын әнмен көмкерді. Іс-шараға келген меймандар өнермен сусындап мәз-мейрам болып тарқасты.