Ер есімі ел есінде мәңгі сақталуы тиіс. Кешегі өткен қан майданда фашизмді тойтаруға үлес қосқандардың ерең еңбегі өскелең ұрпақтың жадында болғаны орынды, Осылай деген кәсіпкерлер палатасының өкілдері саны онсызда сиреп жатқан соғы ардагерлеріне құмет көрсетуді жөн санапты. Осылайша олар 99 жастағы қарт майдангер Мұратәлі Төлепбергенұлына сый-сияпат жасады.


Сұрапыл соғыста майдангерлер өз өмірін қатерге тіге отырып, елін жерін қорғады. 1941-1945 жылдары мыңдаған ана баласынан айырылып, миллиондаған сәби әкесіз өсті. Жүздеген адам хабар ошарсыз кетті. Ал 1943 жылы 18 жасында майдан даласына аттанған бала Мұратәлі соғыста 2,5 жыл шайқаста болған. Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқтаған соң ғана елге 1950 жылы бір-ақ оралған. Көнекөз қарт биыл мамыр айының 20-сыншы жұлдызында 100 жасқа толады. Ғасыр жасаған арадгерге құрмет көрсетушілер көп. Бүгін кәсіпкерлік басқармасының өкілдері де Мұратәлі Төлепбергенұлының халін сұрай келді. Жеміс-жидек салынған себет табыс етті.

Шум. Себет беріп жатқан кезі.


Мұратәлі Төлепбергенұлы 2 ұл, 6 қыз өсіріп, 21 немере, 3 шөбере сүйіп отрыған ардақты соғыс және еңбек ардагері.


МҰРАТӘЛІ ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ, ІІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС АРДАГЕРІ

1943 жылы қыркүйек айында майдан даласына қатыстым. Калинин облысының төңірегінде 43-44-45 жылдың аяғына дейін майдан даласында Польшаны, Беларусты аралап өттік. Брест маңында болдым. Варшаваны азаттадық. Содан 45 жылы неміс жерінде Одыр өзенінде шекара өзені сол өзеннен өткен соңы 45 жылы Германияны басып алдық. 49 жылы Германиядан мына Түлкібасқа 40 күнге пропуска алып ауылымда 20 күн жүріп қайтқан адаммын. 50 жылы елге оралдым.


 Ғасыр жасаған қария соғыста көрсеткен ерліктері үшін ІІ – дәрежелі «» Ұлы отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқада мерекелік медальдармен марапатталған. Айта кетейік, Шымкент қаласында 2 соғыс ардагері бар. 9 мамырға орай оларға 5 млн теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілген.