Шымкентте жедел жәрдем қызметін жетілдіру бағытында ауқымды шаралар қолға алынуда. Қалалық әкімдік жаңа көліктер, заманауи жабдықтармен цифрлық технологиялар арқылы қызмет сапасын арттыруды көздеп отыр.
Шымкент қаласы әкімдігі жедел жәрдем қызметіне 20 жаңа автокөлік сатып алуды жоспарлап отыр. Техникалар соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталып, кез келген төтенше жағдайда тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қызмет сапасын жақсарту мақсатында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары жүйелі түрде ұйымдастырылмақ. Жедел жәрдем қызметкерлеріне шұғыл жағдайларда әрекет етудің жаңа әдістері үйретіледі.
Бұл бастамалар қала тұрғындарының денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам. Әкімдік жедел жәрдем қызметін жетілдіруді жалғастыратынын, сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бар күшін салатынын жеткізді.