Сәуір айы балықтың уылдырық шашатын кезеңі. Осыған байланысты өңіріміздегі су айдындарында қармақ салып, ау керуге қатаң тиым салынған. Қорықшылар 24 сағат көлді қорып браконьерлердің жолын бөгеп отыр. Көксарай су қоймасындағы тіршілікпен арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі танысып қайтты.


 Шардара су қоймасы аймағында 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында балық аулауға уақытша тиым салынған. Ал Сырдария мен Түркістан облысы аумағындағы маңызы бар су айдындарында 15 сәуір мен 31 мамыр арасында нерис кезеңі. Көксарай су қоймасы да балықтың уылдырық шашу уақытында шаруаны ширатып отыр. Айдынды қарауына алған мердігер мекеме тәртіпті қатаңдатып, бақылауды күшейткен.


НҰРЖАН КЕНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

 Көксарай су қоймасы жағасында балық шаруашылығын дамыту жоспары бойынша Фирфис ЖШС қорықшылары қызметшілері балықтың өсіп өнуіне 24 сағат қызметтерін көрсетіп жасап жатыр.


 Су қоймасы болып іске қосылған Көксарайда алғашқы жылдары балығы қараусыз қалды –дейді Арыс тұрғындары. 10 жыл бойы айдынның сазаны мен жайыны ұстағанның қолында тістегеннің аузында кеткен. Жыл басынан бері Көксарайда тіршілік қызып жатқанын тұрғындар тілге тик етуде.


 ЗАМАНХАН САҒЫНДЫҚОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Мұхит пен Мұқтар ініміз келгелі шаруашылық алға жылжып балық саны артып келеді. Қорықшылар көбейіп жұмыс жүріп жатыр. Арыс қаласына бұл тиімді деп ойлаймын.


FIRST FISH COMPANY ЖШС Көксарайды қарауына алғалы қорықшылар санын арттырған. 10 қызметкерді жол талғамайтын 4 автокөлік, 3 маторлы қайықпен қамтыған. Көлдегі балық санын артыру мақсатында 4 гектар аумақта шабақ өсіретін әуіт қазған. Биылдың өзінде 100 мыңға жуық карп шабағы айдынға жіберілген. Компанияның алдағы жылдарға жоспары ауқымды.


МҰХИТ БУРХАНОВ, FIRST FISH COMPANY ЖШС ДИРЕКТОРЫ

 Биыл жылдың соңына дейін 10 гектарға ұлғайтамыз деп жатырмыз. Алдағы жылдары 50 гектарға дейін ұлғайтамыз. Ол жұмыстардың барлығына алдағы жылдары 2 млрд қа жуық инвестиция тартамын деген ниеттемін. Одан кейін балықтарымызды сыртқы экспортқа шығаруға ниет етіп отырмыз. Оны өңдейтін зауыт ашамыз деген ниеттеміз.


 Табиғатқа тағылық істеп, уылдырық шашуға шыққан балықты шанышқымен ілетіндер әлі де бар көрінеді. Былтыр 39 әкімшілік хаттама толтырылып браконерлерге айыппұл салынған. Ал биыл нерис кезеңінің өзінде 17 дана әкімшілік хаттама толтырылыпты. Қорықшылар көбейгелі ұрын келушілерде азайған.