Абай - қазаққа жолсызда жол нұсқап, адасқанда жөн сілтейтін темірқазық. Хәкім шығармашылығы жас өрен санасын сілкіп, жастарды оқуға, білгенін көппен бөлісуге шақырады. Ұранды ойды ту еткен білім басқармасы жас шәкірттер арасында қалалық Абай оқуларын өткізді. Оған 300-ге жуық жаc қатысып, данышпан еңбектерін дәріптеді.


Қорытынды кеш мазмұнды қойылыммен басталды. Абай ғұмыры мен шығармашылығынан сыр шертетін шағын көрініс данышпан өмірінің соқтықпалы-соқпақты кезеңін бейнеледі. Ойшылға жасалған опасыздық, хәкімге көрсетілген сатқындық жайы қозғалды. Осы арқылы оқушылар Абай еңбектерінің мазмұнын, мән-маңызын паш етті.


 6 сыныпта оқитын Әбдірахман Әбдісаттар - Хәкім Абайдың 25 өлеңі мен 4 қара сөзін жадқа түйген. 3 әні мен 1 күйін де мүдірмей орындайды. Сөзінше айтар ойын іркілмей, дөп, нақты айтатын данышпан еңбектері оған өзіндік ой-пікір, көзқарас қалыптастыруға көмек береді.


 ӘБДІРАХМАН ӘБДІСАТТАР, БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

 – «25 өлеңді жаттауға 2 апта уақыт жұмсадым. Маған бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеген анам мен ұстазым.» - 01:08 // RULAN5237_01 //


 "Абайды оқыған бала жаман болмайды!". Осылай деген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ойшыл туындылары оқушы болмысын айқындап, тұлғалық қабілетін қалыптастыратынын айтады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 – «Абай атам сепкен даналықтың дәнегін, сол кісі нұсқаған жолды біз мынау өскелең ұрпаққа сіңіретін болсақ онда ондай балдардың жаман болмайтынын, еліміздің болашағы жарқын болатынын айтқым келеді.» 


Білім бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған сайысқа 253 оқушы қатысқан. Олар түрлі санатқа буын-буын арқылы бөлінді. Яғни бастауыш пен орта және жоғары буын оқушылары жеке дара сынаға түсті. Әділқазылар қатысушыларды бағалау кезінде жас өреннің оқып тұрған шығарманы терең түсініп, жадқа түюіне және дауыс ырғағы мен мәнеріне мән берді.


ШОЛПАН АЙТБАЕВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

 – «Қаңтар, ақпан, наурыз айларында мектеп ішілік, одан кейін аудандық кезеңдері өтті. Бұл сында 253 оқушы жеңімпаз деп танылды.» «253 оқушының ішінен іріктеп қалалық сынға 12 оқушыны іріктеп алдық» 


Қорытынды кеш әрі қарай марапаттау рәсіміне жалғасты. Таланты мен талабы қабысқан жүлдегерлерді қала әкімінің орынбасары мен демеушілер марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады.