Қаладағы жол инфрақұрылымын дамыту және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл 1059 шақырымды құрайтын 850 көше ұзартылып, жалғасы салынады деп жоспарланған. Ал жыл соңына дейін оның 605 шақырым болатын 540 көшесі пайдалануға берілмек.


Көктемнің басынан қала билігі жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Өйткені, еліміздің Шығысы мен Солтүстігінен келетін қонақтар үшінші мегополиске Байдібек би даңғылы арқылы кіреді. Ал аталған көшенің көлік ағыны тым жоғары болғандықтан кептеліс белең алып тұр. Қазір реканструкциялауға бюджеттен жалпы саны 2,4 млрд қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары Алтынсарин көшесінен басталды.


ӨМІР ҚАЛЫБАЕВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір мынау Алтынсарин көшелеріне реканструкциялау жұмыстары жүргізілііп жатыр. Жалпы ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа береміз деген жоспарымыз бар. Бұдан бөлек Казиев көшісінің жөндеу жұмыстары басталған. Байдибек даңғылына балама ретінде салынып жатыр. Қаланың солтүстік бағытындағы Шым сити шағын ауданын орталыққа алып келу мақсатында жасалып жатыр. 01:24


Нысанның құрылыс белдеуіне түсетін бірнеше жеке меншік жер телімдері мен үйлер, сондай-ақ заңсыз қоршалған аумақтар Мемлекет қажеттілігіне қайтарылып жатыр. Қазірдің өзінде Алтынсарин көшесінің жөндеу жұмыстарына 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылыпты.


ЕРСҰЛТАН ПАЗЫЛОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУШЫ

Жол 15 метр автокөлік құралдары жүріп отырады. Жеті жарым метр бір бағытта, жеті джарымы бір бағытта. Одан кейін ортасында зеленая зона- 2,24. Тағы да 2,25 екі жақтан тратуар жаяу жүргіншілерге арналған. Тағы зеленая зона, 2,17, 2,17 сонда 30 метрді құрайды жолдың ені. 03:22


Жол құрылысы жұмыстарының басталуы тұрғындарды қуантқанымен, олар жеке кәріз жүйесі құдығы салынбай қала ма деп алаңдайды.


Уәжін айтып шағымданған тұрғындарға жауаптылар жұмыстардың барлығы жоспарға сәйкес жүргізілетінін жеткізді. Олардың айтуынша, жөндеу жұмыстарының сапасын жіті бақылауға алып отырмыз дейді. Жаңа технологияларды енгізу арқылы жол саласындағы бірқатар құрылыс жұмыстарын жүргізуді жеделдетінін тілге тиек етті.


 ЕРСҰЛТАН ПАЗЫЛОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУШЫ

Жолдың сол жақ қапталында 7 үй, существ.бұрынғымен қалған. Бізде магистральный оң жақпен келген. Жобада жоқ болатын. Алдағы уақытта шешеіліп жатыр. 7 үйге кіргізіп беретін болдық. Бұл алдын ала шешім қабылданып, процес жүріп жэатыр. 00:41


 Бұдан бөлек, Қазиев көшесінің жалғасын салу бойынша құрылыс жұмыстары да қызу атқарылып жатыр. Аталған құрылыс нысаны Арғынбеков пен Төлеметов көшелеріне дейінгі аралықты қамтиды. Аталған көшеде мемлекет қарамағына алынатын 29 нысан бар. Қазір біршамасы сүріліп, қалған участкелер бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде.


 ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ , ТІЛШІ

Жол түзелсе, тасымал да артады, көлік кептелісі де азаяды. Мұнда қолданыстағы жолдарға балама ретінде Қазиев көшесінің жалғасы салынып жатыр. Жаңа жол да 4 жолақты болады деп жоспарлануда. Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары 1 айдың көлемінде 25 пайызға атқарылған.


Мұнымен қоса, қаладағы Тіленшин көшесінің бойында тағы бір аспалы көпір салынып жатыр. Екі нысанды да 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаларды жүзеге асыру қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға, көлік қызметінің тиімділігін арттыруға, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.