Түркістандық тәртіп сақшылары 12 мыңнан астам Трамадол таблеткасын тәркіледі. Күдіктілер Түлкібас ауданында қолға түскен.
Олар мінген Lada автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүксалғыштан 12 мыңнан астам құрамында есірткі заты бар трамадол таблеткасы табылған. Ұсталғандардың бірі Түркістан облысының, ал екіншісі Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.