Діни ұйымдар туралы Заңға бас-аяғы 53 өзгерту енгізу жоспарда бар. Солардың ішінде діни сенім өкілдерінің жас ерекшеліктеріне шектеу қоюды айрықша атап өтуге болады.

16 жасқа толмаған балалар діни ғибадатханаға, мешітке бару тек олардың кәмелет жастағы ағаларымен баруға рұқсат етіледі.

Тағы бір негізгі өзгеріс: деструктивті діни ағымдағы азаматтарды анықтау туралы бап болмақ. Онда қазақстандық қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіретін керағар ұғымдағы азаматтарға айыппұл салу қарастырылған. Олардың қалай анықталатыны нормативті құжаттарда көрсетілмек.

Тұрмахан Кенжебек – Арыс аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы

Бұл Заң қабылдана салысымен полицейлер сақал қойғандар мен орамал таққандарды ұстайды деген сөз емес. Сырт келбеті күдікті көрінетін адамдардың  діни көзқарастарын анықтайды. Яғни, рұқсат етілмеген орындарда уағыз айтқандарды осы баптар бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Осы орайда, Заң жобасында қамтылатын өзгерістерге қоғамның дайын болуы маңызды. Ол үшін Арыстағы жауапты мекемелер мен діни ұйым өкілдері профилактикалық алдын алу, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізе бермек.

Ө.Жолдасбеков