Оңтүстік Қазақстанда жел көп соғатын аудандар бар. Компания мүмкіндіктерімен танысқан өңір басшысы жел күшімен өндірілетін электр қуатының тиімділігін екшеді. Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану қажеттігін бірлесе талқылады.  

Жанболат Мұзбаев – «Tree Energy» ЖШС-нің директоры

Tree Energy компаниясы бүгінде  баламалы энергия көздерін іздеу мен өндіруде сәтті жұмыс атқарып келеді. Мұның бәрі ел аумағындағы 80-90 пайызды құрайтын күн мен желдің мүмкіндігін қолданып көру идеясынан туындаған болатын. Алғашқы қолданысты гаражда іске асырып көрдік.  Бүгінгі таңда не Ресейде, не Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жел генераторын зауытта өндіру деңгейіне жетіп отырмыз

Бүгінде ғылыми ортаның баламалы энергия көздеріне деген қызығушылығы жоғары. Мәселен,  Дания мемлекеті жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40 пайызын,  Португалия  23 пайызын,  Испания болса – 16, Ирландия – 14,  Германия – 8 пайызын өндіруге қауқарлы. Ал, Қазақстандағы өндіріс әзірге 0,5 пайызды ғана құрап отыр.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен басты екі артықшылығы бар. Экологиялық тұрақтылық және экономикалық үнемдеу басым. Жел генераторлары бұл жоба бойынша өңірдегі шаруа қожалықтарына енгізілсе, ауыл шаруалышығының да одан әрі дами түсетіні анық.

АЙЗАТ Бауыржанқызы