Зейнетақысыз қалу қаупі, әсіресе, 1980 жылдан бергі уақытта туылғандарға төніп тұр. Себебі, олардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілімі жоқ. Бұл дегеніміз 80-ші жылғылардан бастап, ешбір азамат мемлекеттен көктиын алмайды дегенді білдіреді. Оларға тек базалық зейнетақы мен өздері қорға жинаған зейнетақы жарналары төленеді. Сондықтан, мамандар, қазірден бастап қарекет жасау керек, - дейді.

Ай сайын көбірек ақша аудару керек. Оған инвестициалық табыс қосылады. Ерікті есепшот ашып, өздері де қаржы құя алады.

Бейнетіңнің зейнетін көретін шағыңда зейнетақысыз қалмау үшін қазірден бастап, қорға ақша жинау керек. Мамандардың айтуларынша, заңды тұлға болсын, жеке кәсіпкер болсын, тапқан табысының 10 пайызын үздіксіз зейнетақы қорына аударып отыруы керек. Аударымдардың  уақытылы әрі дұрыс аударылғаны өзіңізге пайдалы. 

Әбдімұрат Исабаев – БЖЗҚ АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары
Айта кетейік, бүгінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 10 миллионнан астам салымшысы бар. Соның 1 миллион 129-ы Түркістан облысының тұрғындары. Бүгінгі күнге дейін түркістандықтардың 450 мыңға жуығы аталмыш мекеменің электронды қызметін пайдаланып отыр.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН