«Бәйдібек баба, Домалақ ана елінен сәлем сіздерге». Осындай атаумен шымылдық түрген концертке Шаян жерінің таланттары өнер көрсетті. Берекелі Бәйдібек жерінде туып, қазақ даласын ән мен жырға бөлеген тұлғаның шығармашылығы дәріптелді.
Нышан Төлегенов – әнші, сазгер
Шаянға барсаң, әншмін деме, деген. Біздің Шаян өңірі осы ән мен жырдың мекені. Бұл мекенде туып өскен мен де бақыттымын,деп есептеймін өзімді.
Бұл кеш Бәйдібек ауданының 90 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Әрі ерекше талант иесінің қазақ сахнасында ән шырқағанына 35 жыл толған. 60-қа келіп, ел алдында есеп берген азамат әріптестерінің ерекше ықыласына алғысы шексіз.
Нышан Төлегенов – әнші- сазгер
Мен осы өзім қызмет ететін филармония ұжымына алғысым шексіз. Осындай кеште жасы 70 тен асқан әжелер ән айтып жатыр. Мен сол үшін де қуаныштымын.
Нышан Төлегенов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы. Өңірдің осындай дарынды перзенттерінің бірі бүгінгі күнге дейін "Арыстанбаб", "Түркістан", "Бəйдібек баба", "Төле баба", "Домалақ ана" , "Алғабасым" сынды көптеген əуезді əндерді жазған. Жерлестері осы әндерімен мақтанады.
Мұхтархан Атаханов – Н.Төлегеновтың жерлесі
Нышан Төлегенов – Отансүйгіш. Еліне деген сүйіспеншілігі, бабалар рухын ояту бойынша еткен еңбегі орасан. Қазақ даласына осындай перзент сыйлаған оның анасына мың алғыс.
Кездесу барысында сазгердің өмірі мен шабытты шығармашылығы, өнерде жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстары айтылды. Өнер майталмандары болса Нышан Төлегеновтің сыршыл қасиетінен туған əндерін орындап, елдің ықыласына бөленді.
П.БИНАЗАРҚЫЗЫ