Мерекеге жиналған балалар үлкен экран арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын тыңдады. Жаңа жылмен құттықтаған Елбасының ыстық лебізі мерекеге қатысқан әрбір балаға үлкен шаттық сыйлады. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов та балаларды жаңа жылмен құттықтап, олардың оқуда озат болуларына тілектестігін білдірді.

БОЛАТБЕК ҚЫСТАУОВ – ШАРАДАРА АУДАН ӘКІМІ

Мұнан соң жаңа жыл кешіне қатысқан балаларға аудан әкімі өз қолымен сыйлықтар таратып берді. Елбасының құттықтау сөзі жазылған ашық хат пен планшет, тәттілер салынған сыйлыққа балалар шын көңілмен қуанды. Осы күні жалпы саны 52 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен жетім балалар, ата-ана қарауынсыз қалған жеткіншектер аудан әкімінің сыйлығына ие болды.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ