Айзада Бидан – тілші
Халықаралық көрмеде 19-20 ғасырларға тән әшекейлер қойылған. Мұндағы 100-ге жуық экспозиция бір-бірін қайталмайтын дүниелер. Мысалы мына қолымдағы жүзік, қазына деп аталады.Айналадағы шеңбері шексіздікті білдіреді. Ал ортасындағы бұғы- қазақ халқындаденсаулықтың нышаны саналады.
Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Асыл тастар, қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, тартымдылығын арттыра түседі. Сұлулықтың нышанына бүгінде қызығушылардың қатары көп.
Қалмырза Тасов – Қазақстан қолөнер шеберлер Одағының мүшесі
Өте көне жүзіктің бірі, құс тұмсықжүзік. Осы күнге дейін мән мағынасын жоғалтқан жоқ. Бұл биікке самғау,еркіндіктің белгісін білдіреді. Қазіргі таңда сұраныс өте жоғары деуге болады. Кейде тапсырыс алып үлгере алмай жатамыз. Бізде қазір дәстүрге деген көзқарас өте жоғары. Қазақстың әшекейі кез-келген жерде өзін айшықтап,жарқырап тұрады.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, ата-бабадан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды тануға үндейді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде бүгінде 24 мыңнан астам жәдігер бар.
Нұрболат Ахметжанов – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры
Қорық музейі 1978 жылы ашылған. Алғашқы кезде 700 ғана экспозицияболған. Қазір енді олардың саны 24 мыңға жетті. 2/15 Тиындардың өзі 13 мыңнан асады, 5000-ға жуық зергерлік бұйымдар бар, кітаптар бар, соларды қосқанда 24мыңнан асады.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге күніне 7000 мыңнан астам турист келеді. 1 айға жалғасатын «Зергердің қолы алтын» атты көрме, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын айшықтайтыны анық.
А.БИДАН